Фото: freepik Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин cенат отырысында Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің салдары туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Вице-министр қосылған құн салығы бағаға аса әсер етпейді дейді. "ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді
Фото: freepik
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин cенат отырысында Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің салдары туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр қосылған құн салығы бағаға аса әсер етпейді дейді.
"ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің әлеуметтік-экономикалық әсерін есептедік. Болжам арнайы инфляция үшін жасалды. Инфляцияға ҚҚС өсімінің жалпы үлесі 2-ден 2,5%-ға дейін болады. Ол аса байқалмайды, өйткені көптеген тауар салықтан босатылған", – деді Азамат Амрин.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары және ең қажетті азық-түлік өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары ҚҚС-тан босатылған.
Алайда журналистер ҚҚС мөлшерлемесін қайта қараудан кейін дағдарыс бола ма деген сұрақ қойды.
"ҚҚС дағдарысты тудырмайтыны сөзсіз. Жағдай әртүрлі, көріп тұрсыз. Құдай сақтасын, пандемия болса, сондықтан бұл туралы тікелей бұл жерде айту дұрыс емес шығар", – деді вице-министр.