Қытайда жаяу жүргіншілер тобын басып кеткен жүргізуші өлім жазасына кесілді
Фото: Видеодан скриншот Қытайда 80 шақты адамды көлікпен басқан жүргізушіге өлім жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Чжухайда 11 қараша кешкі уақытта жаяу жүргіншілерді таптамақ болды. Салдарынан 35 адамның өмірін қиды, тағы 43-і ауыр жарақат а

Фото: Видеодан скриншот
Қытайда 80 шақты адамды көлікпен басқан жүргізушіге өлім жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Чжухайда 11 қараша кешкі уақытта жаяу жүргіншілерді таптамақ болды. Салдарынан 35 адамның өмірін қиды, тағы 43-і ауыр жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны құзырлы органдар ұстаған.
Тергеу ер адам "қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген қорытындыға келді және оның әрекеті "жауыздық" деп танылды.
Чжухай соты жаяу жүргіншілер тобын қасақана басып кеткен жүргізуші Фан Вэйцюге өлім жазасын берді.
Өлім жазасы Қытай прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, олар процедуралардың заңға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етті.
Related

World
Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды
Айдар Керім·

World
«Бұрын президенттікке кандидат болған»: Қырғызстандық шенеунік АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр
Айғаным Нариманова·

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·