Руслан Берденов ақыры лауазымды қызметінен кетті
Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босаған. Ол 2025 жылдың ақпан айынан бері қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. О

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, Руслан Берденов өз еркімен қызметінен босаған.
Ол 2025 жылдың ақпан айынан бері қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін Мәжіліс депутаты болды.
Айта кетейік, биыл сәуір айында Руслан Берденовке қастандық жасалған еді. Ернар Жиенбай оған 5 рет оқ атып, Руслан Берденов ауыр жарақат алған. Кейін ауруханада ота жасалып, жағдайы тұрақтанды.
20 тамызда сот Ернар Жиенбайды адам өлтіруге оқталды деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Related

News
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

News
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

News
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·