Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған
Фото: видео скриншот Семейде полицейлер өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, ақша жинаған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полицияның мәліметінше, ер адам Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұраумен айналысқан. Ол и

Фото: видео скриншот
Семейде полицейлер өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, ақша жинаған 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, ер адам Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында қайыр сұраумен айналысқан. Ол инсульттан кейінгі салдар бардай кейіп танытып, азаматтарды алдап, аяушылық тудырған.
Кейін қала белсендісі оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған. Белсенді ол адамға шынымен мұқтаж екен деп көмектескенін айтқан. Алайда желі қолданушылары оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екенін мәлімдеген. Нәтижесінде полицейлер "қулыққа барған науқасты" қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Семей қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдау бөлімінде белгіленген жазасын өтеп шықты.
Related

News
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

News
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

News
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

News
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·