Todayinfo.kz
NewsView all articles

Семейде мың гектардан астам аумаққа жаңа ықшам аудан салынады

Абай облысының әкімі Берік Уәли «Қарағайлы» ықшам ауданында өткен сенбілікте Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру керектігін айтты. Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламас

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Семейде мың гектардан астам аумаққа жаңа ықшам аудан салынады
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Қарағайлы» ықшам ауданында өткен сенбілікте Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру керектігін айтты. Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында 350 түп терек егілді. Өңір басшысы қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.
«Бұрын Семейдің жасыл желекті қала болғанын тарихтан білеміз. Соны қалпына келтіруіміз керек. Ағашты көп егуіміз қажет. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар. Қасымызда қарағайлы орман тұр. Алдағы уақытта облыс орталығының көркін кіргізіп, ажарын ашу үшін қаланың шетіндегі мың гектардан астам аумақта жаңа ықшам аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда әкімшілік ғимараттар, мәдени-спорт нысандары, жаңа саябақтар бой көтереді. Төрт апта бойы жалғасқан сенбілік барысында қаламыз айтарлықтай тазарып қалды. Тұрғындар белсенді қатысуда. Әлі де бірлесе атқаратын жұмыс көп», – деді облыс әкімі.

Related

Семейде мың гектардан астам аумаққа жаңа ықшам аудан салынады · Todayinfo