Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

Ұлттық ұлан сарбазы, қызмет барысында ауыр бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтар емдеудің екінші кезеңінен, толық оңалту курсынан өту үшін Ыстамбұлға ұшып кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ербаянның адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, бүгін сарбаз ата-анасымен б

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)
Ұлттық ұлан сарбазы, қызмет барысында ауыр бас-ми жарақатын алған Ербаян Мұхтар емдеудің екінші кезеңінен, толық оңалту курсынан өту үшін Ыстамбұлға ұшып кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ербаянның адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, бүгін сарбаз ата-анасымен бірге ұшқан.
"Бүгін таңғы сағат бес шамасында Ербаян ата-анасымен бірге Ыстамбұлға ұшып кетті. Ол жерде емдеудің екінші кезеңінен, толық оңалту курсынан өтеді. Бұл ол үшін шешуші кезең. Сондықтан бәріміз бірге ұлымызға сәттілік пен амандық тілейік", – деп жазды адвокат Instagram парақшасында.
Адвокаттың айтуынша, емделуге қаржыны мемлекет бөлген. Арнайы портал арқылы үш айлық реабилитацияға қаржы бөлінген. Ол Ыстамбұлдағы клиникалардың бірінде болады. Ал ұшуды Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі қамтамасыз еткен.
"Шын жүректен қуаныштымын. Мемлекеттік құрылымдар дұрыс шешім қабылдап, көмек қолын созды. Нағыз өзгерістер дәл осындай қадамдардан басталады", – деді Иманбай.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Инга Иманбай | Заңгер (@inga_imanbay)

Related

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО) · Todayinfo