— Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында болғандықтан, барлық мәселе бойынша тергеу органдарына немесе прокуратураға жүгінуді сұраймыз, — делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.Фото: gov.kz
Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында 48 жастағы Қуаныш Дәулетәлиевті іздеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Qamqor.gov.kz деректеріне сәйкес, Қуаныш Дәулетәлиевке қатысты іздеу ісі 2 қыркүйекте Шымкентте тіркелген. Оны Тұран ауд

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында 48 жастағы Қуаныш Дәулетәлиевті іздеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Qamqor.gov.kz деректеріне сәйкес, Қуаныш Дәулетәлиевке қатысты іздеу ісі 2 қыркүйекте Шымкентте тіркелген.
Оны Тұран ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр. Іздестіруді бастаған — сот. Карточкада оның жеке деректері, соның ішінде туған күні мен азаматтығы, сондай-ақ іздеумен айналысатын органның байланыс телефоны көрсетілген.
Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайтында Дәулетәлиев туралы өмірбаяндық анықтама берілген.
Ол Шымкент қаласында дүниеге келген, № 66 мектепті бітірген. 2014 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің заң факультетін тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.
Еңбек жолы:
— 2000–2009 жылдары — жеке кәсіпкер;
— 2009–2015 жылдары — «Сенім-Құрылыс» ЖШС-нің коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары;
— 2015 жылдан бастап — «БОИНИС КС» ЖШС директорының орынбасары;
— мәслихаттағы «Ауыл» партиясының депутаттық фракциясын басқарған.
Шымкент қалалық сотының ақпаратына сүйенсек, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайына қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.
Related

News
Нарынқолдан шыққан 500 ғалыммен байланыс орнатамыз – Дастан Құдабаев
Жаннұр Еділбаева·

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·