Шымкентте шенеунік алма бағын салуға бөлінген 430 млн теңге қаражатты қалтасына басқан
Фото: freepik Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкенттегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаража

Фото: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкенттегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д.Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ол алма бақтарын салуға бөлінген бюджет қаражатын иемдену фактісі бойынша, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жұмыстар мен жабдықтардың құнын негізсіз көтеру жолымен ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
Бұл мақсатта ол өзімен байланысты «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысын тартқан. Аталған тұлға бағдарламаға қатысушы болып көріну үшін достары мен туыстарының атына 20 жалған компания тіркеген.
Шын мәнінде бұл тұлғалар ешқандай қызмет атқармаған және жобаға қатыспаған.
Жалған құжаттар негізінде Қорға 1,4 млрд теңге көлемінде лизинг алу туралы өтінімдер ұсынылып, олар кейін Қор тарапынан мақұлданған.
Байқау рәсімдерін өткізбестен, жеткізуші ретінде бір ғана қатысушы – «Green Mart Kazakhstan» ЖШС таңдалған.
Қаражат түскен соң, оның бір бөлігі кәсіпорындардың есепшоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сонымен қатар жабдықтар қымбат бағамен жеткізілген, ал жұмыстар орындалмаған.
Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 430 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бұған қоса, осы іс бойынша Қордың бұрынғы басқарушы директоры М.К. Искаков пен «Green Mart Kazakhstan» ЖШС басшысы Р.Б. Сазынбек 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 4 автокөлігі тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Related

News
"ҚазТАГ" журналистиканың негізгі ережесін орындамады - «Фридом Финанс» қорғаушысы
Жаннұр Еділбаева·

News
Адвокат «Фридом Финанс»: "КазТАГ" демонстрирует пренебрежение к требованиям компании
Жаннұр Еділбаева·

News
Шымкент – Астана рейсінде 7,6 млн теңге ұрланды
Айғаным Нариманова·

News
Өткір қырлы пластик жұтып қойған: Алматы дәрігерлері он айлық сәбиді өлім аузынан алып қалды
Жаннұр Еділбаева·