Todayinfo.kz
NewsView all articles

Су жүйесінің 60 пайызы тозған — Сұлтанғазиев

Алматы облысында ауыз сумен халықты қамтамасыз ететін құбырлардың 60 пайызы тозған. Бұл өңірдегі басты проблемалардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды Todayinfo . Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі өңірдегі негізгі мәселелерді атады. "Обл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Су жүйесінің 60 пайызы тозған — Сұлтанғазиев
Алматы облысында ауыз сумен халықты қамтамасыз ететін құбырлардың 60 пайызы тозған. Бұл өңірдегі басты проблемалардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды Todayinfo. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі өңірдегі негізгі мәселелерді атады.
"Облыста халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94 пайызға жетті. Тек екі ауыл таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Облыста су құбыры жүйесі тозған. Құбырлардың 60 пайызы әбден ескірген, қазір осы мәселені шешумен айналысып жатырмыз", — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Сол жиында облыс әкіміне Талғардағы Шерзаттың отбасына барып, не себепті көңіл айтпағаны жөнінде сұрақ қойылды.
"Шерзаттың отбасына бармадым. Көмек көрсетіліп жатыр. Екі ауданның әкімі барып, көңіл айтты. Бұл мәселе біздің бақылауымызда, бізге міндеттелген жұмыстарды атқарып жатырмыз", — деді әкім.

Related

Су жүйесінің 60 пайызы тозған — Сұлтанғазиев · Todayinfo