«Терезеден аңдып тұрып, іш киімін шешкен»: Қазақстанда алғаш рет сталкинг бойынша іс қозғалды
Фото: видео скриншот Атырау облысында алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған ер адамның әйелдің соңынан еріп, терезесін бақылап, әдепсіз әрекеттер жасаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz Оқиға 19 қыркүйекте болған. Ер адам әйел

Фото: видео скриншот
Атырау облысында алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы сталкинг бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған ер адамның әйелдің соңынан еріп, терезесін бақылап, әдепсіз әрекеттер жасаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Оқиға 19 қыркүйекте болған. Ер адам әйелдің ауласына кіріп, ішкиімсіз жүріп, терезеден қарап, үй иесін бақылаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Алғашында полиция оқиғаны ұсақ бұзақылық деп бағалап, әкімшілік сот құқық бұзушыға 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер ұсынғаннан кейін іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша қайта сараланды.
Әйелдің туысының айтуынша, бастапқыда істі қарағанда ер адамның жыныстық сипаттағы әрекеттері ескерілмеген. Ер адам өзінің жыныс мүшесін ұстап, ішкиімін шешіп, үй иесін бақылап тұрған. Сондай-ақ ол бұл оқиға жария болғаннан кейін өзге жәбірленушілер де дәл осы ер адамға қатысты шағымданғанын айтты.
Related

News
Стартап из Темиртау вышел на мировой уровень
Жаннұр Еділбаева·

News
«Оларды өлтіруді әлдеқашан шешіп қойғнмын»: Сәрсемалиев қылмыс жоспарын айтты
Жаннұр Еділбаева·

News
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·