Todayinfo.kz
NewsView all articles

Түркістандық жанкүйер үйінің қақпасын қос команданың логотипімен безендірген

Фото: видео скриншот Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу қарсаңында футболсүйер қауым өз сүйікті командаларына түрлі бағытта қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz Түркістандық жас суретші Рамазан Сәдуақастың әрекеті ерекшелігімен көпшілікті

By Айғаным Нариманова··1 min read
Түркістандық жанкүйер үйінің қақпасын қос команданың логотипімен безендірген
Фото: видео скриншот Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу қарсаңында футболсүйер қауым өз сүйікті командаларына түрлі бағытта қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz Түркістандық жас суретші Рамазан Сәдуақастың әрекеті ерекшелігімен көпшілікті тәнті етті. Ол өз ауласындағы қақпаға екі клубтың логотипін салған. Содан әлеуметтік желіге жүктеген. Жарты миллионнан астам қаралым жинаған бір сәттік видеоға әлі де қолдау көрсетіп жатқандар көп.
— Бала күнімнен «Реал Мадридтің» жанкүйерімін. Бірақ бұл жолы отандық клубқа қолдау көрсетемін. Идеяны жаңалықтардан көріп, іске асыруға бел будым. Бірнеше құты бояу жұмсалды, отбасым қарсы болмады, қайта көмектесті, — дейді жанкүйер.
Күнделікті жұмыстан кейін қолына қылқаламын алатын Рамазан бұл жұмысқа бір аптаға жуық уақытын арнаған.

Related

Түркістандық жанкүйер үйінің қақпасын қос команданың логотипімен безендірген · Todayinfo