Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, продюсер Сәкен Қағаровтың әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол аяғы ауыр жарын ерекше еркелетіп, шұлығын кигізіп, артынша аяғынан сүйген сәті бейнеленген. «Мұ

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, продюсер Сәкен Қағаровтың әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол аяғы ауыр жарын ерекше еркелетіп, шұлығын кигізіп, артынша аяғынан сүйген сәті бейнеленген.
«Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың», – деп жазды Сәкен Қағаров.
Желі қолданушылары бұл әрекетке екі түрлі көзқарас білдірді. Бірі:
«Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?», «Айжұлдыз бақытқа лайықты»,– деп сүйсінсе, енді бірі: «Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?», «Бұл өнеге болатын дүние емес», «Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек», «Атам көрсе ұрсып тастар еді», – деп сынға алды.

Related

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті · Todayinfo