"ҰҚК бұрынғы лауазымды қызметкері": Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Болат Қайратұлы Куренбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Болат Қайратұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясын «құқықтану», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекетті

Болат Қайратұлы Куренбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Болат Қайратұлы 1977 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясын «құқықтану», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасының мемлекеттік қызметшілерді тексеру жөніндегі топтың жедел уәкілі болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК Павлодар, Алматы облыстары, Алматы, Астана қалалары бойынша Департаменттерінде, ҚР ҰҚК Төрағасы аппаратының басшылық лауазымдарында қызмет атқарған.
2021 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.
Related

News
Игі дәстүр: Президент медицина қызметкерлерін Ақордада құттықтады
Айғаным Нариманова·

News
«Күйеуі бар, жағдайы жақсы»: Министр сәбиімен курьер болып жүрген әйелге пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

News
Әлеуметтік саясат пен экономикалық өсім: Қазақстанның жаңа даму бағыты
Жаннұр Еділбаева·

News
Вашингтон и Тегеран договорились о 60-дневном перемирии
Жаннұр Еділбаева·