Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Ұстаздың шыдамы таусылды ма»: Алматы облысында мұғалімнің оқушыларды сабап жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Л. Толстой атындағы мектепте түсірілген болуы мүмкін видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кадрларда мұғалімнің оқушыларға қол көтеріп, тіпті қолындағы заттарды қолданғ

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Ұстаздың шыдамы таусылды ма»: Алматы облысында мұғалімнің оқушыларды сабап жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Л. Толстой атындағы мектепте түсірілген болуы мүмкін видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда мұғалімнің оқушыларға қол көтеріп, тіпті қолындағы заттарды қолданғаны байқалады.

Видеоның бір бөлігінде балалардың өздері ұстазға: «Сізге бұлай істеуге болмайды» деп ескерту жасағаны естіледі. Кейбір оқушылар парталарынан тұрып, шетке кетіп қалған. Оқиғаға куә болған балалардың шокқа түскені анық көрінеді.

Қазіргі уақытта жанжалдың нақты себебі белгісіз. Әзірге оқиғаның Л. Толстой атындағы орта мектепте болғаны туралы болжам ғана бар.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Жазира Бегалы (@zhazirabegaly_tv)

Related

«Ұстаздың шыдамы таусылды ма»: Алматы облысында мұғалімнің оқушыларды сабап жатқан видеосы тарады (ВИДЕО) · Todayinfo