Todayinfo.kz
NewsView all articles

Вьетнамдағы қайғылы апат: туристік катердегі 34 адам қаза тапты

Вьетнамдағы әйгілі Халонг шығанағында туристер мінген катер дауылға тап болып, кем дегенде 34 адам көз жұмды , деп хабарлайды Todayinfo.kz . Қайғылы оқиға 19 шілде күні күндіз орын алған. Катер бортында 53 адам , соның ішінде 20-ға жуық бала және 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушыла

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Вьетнамдағы қайғылы апат: туристік катердегі 34 адам қаза тапты

Вьетнамдағы әйгілі Халонг шығанағында туристер мінген катер дауылға тап болып, кем дегенде 34 адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қайғылы оқиға 19 шілде күні күндіз орын алған. Катер бортында 53 адам, соның ішінде 20-ға жуық бала және 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылардың басым бөлігі — Ханой қаласынан келген вьетнамдық отбасылар.

Вьетнам әскери-теңіз күштерінің шекара қызметі мәліметінше, кеменің аударылуына теңіз дауылы себеп болған. Қазіргі уақытта бірнеше адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Құтқарушылар 11 туристі судан аман алып шықты. Олардың арасында 14 жастағы жасөспірім де бар. Ол төрт сағат бойы жартылай суға толған каютада қалып қойған.

Жергілікті билік іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Related

Вьетнамдағы қайғылы апат: туристік катердегі 34 адам қаза тапты · Todayinfo