Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Уақыт ұзартылмайды»: Шатқалиевтің жаңартылмаған базарларды жабу туралы шарасы шатақ шығаруы мүмкін

Фото: sxodim.com/almaty/ Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жыл соңына дейін жөндеуден өтіп, жаңғыртылмаған базарлар 2026 жылы жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. СИМ ақпаратынша, қазір еліміздегі 46 базарда жаңғырту жұмысы қарқынды жүріп жатыр

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Уақыт ұзартылмайды»: Шатқалиевтің жаңартылмаған базарларды жабу туралы шарасы шатақ шығаруы мүмкін
Фото: sxodim.com/almaty/
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жыл соңына дейін жөндеуден өтіп, жаңғыртылмаған базарлар 2026 жылы жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. СИМ ақпаратынша, қазір еліміздегі 46 базарда жаңғырту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Алайда кейбір базарларда құрылыс әлі басталмаған. Өңірлер арасында базарларды жаңғырту жағынан Астана қаласы, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстары артта қалған. Министр осы өңірлерде жұмыс талапқа сай жүргізілмей отырғанына алаңдап, процесті жеделдету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Мен баршаңызға ескерту жасаймын, 2026 жылдан бастап жаңғыртылмаған базарлар жұмыс істей алмайды. Жергілікті атқарушы органдар мен базар иелері арасындағы үйлесімді іс-қимылсыз нысандарды заң талаптарына сай келтіру мүмкін емес. Сауда және интеграция министрлігі жаңғырту жұмысын жүзеге асыру үшін барлық құқықтық тетік пен құралдарды әзірледі. Алайда бұл жұмыстар жергілікті жерлерде әкімдіктердің белсенділігі мен бизнестің жауапкершілігін талап етеді. Заңмен белгіленген мерзімге небәрі 6 ай қалды – енді уақыты ұзартылмайды. Кез келген әрекетсіздік, мерзімді кейінге шегеру немесе формализм – бұл заң бұзу әрі ондаған мың кәсіпкердің құқығына қауіп төндіру. Әр өңір үшін жауапкершілік  жеке қаралады. Біз барлық нысандағы кешігу мерзімін тіркеп отырмыз», - деді Арман Шаққалиев сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру барысына арналған жиында.
Министрдің айтуынша, базарларды жаңғырту – уақыт талабы, әрі бұл үрдіс көлеңкелі экономиканы азайтуға ықпал етеді. Оған жүргізілген хронометраж нәтижелері дәлел. Мәселен 2024 жылы бюджетке қосымша 1,3 млрд теңге түскен. Алайда көптеген базарлар жаңарут дайын емес. Оның басты себебі, кейбір сауда орындарында инвстор жоқ болса, енді бірінің жаңаруына жергілікті әкімдік кедергі келтіріп келеді. Тіптен бінеше жылдан бері базар орналасқан жер дауына қатысты әкімдікпен соттасып жатқан кәсіпкерлер бар.

Related

«Уақыт ұзартылмайды»: Шатқалиевтің жаңартылмаған базарларды жабу туралы шарасы шатақ шығаруы мүмкін · Todayinfo