Todayinfo.kz
NewsView all articles

Жамбылда үш оқушының өлімінен кейін арнайы жұмыс тобы құрылды

Фото: pixabay ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22-26 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқаруда. Жаңа оқу жылының басында өңірде орын алған қайғылы жағдайларға байланысты ұйымда

By Айғаным Нариманова··2 min read
Жамбылда үш оқушының өлімінен кейін арнайы жұмыс тобы құрылды
Фото: pixabay ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 22-26 қыркүйек аралығында Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғау саласында әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы қызмет атқаруда. Жаңа оқу жылының басында өңірде орын алған қайғылы жағдайларға байланысты ұйымдастырылған бұл жұмыс педагогтерге қолдау көрсетуге, балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың себептерін анықтау және ата-аналарға жеке кеңестер мен түсіндіру жұмыстары арқылы көмек көрсету міндеті көзделген,  деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жұмыс тобы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жетекшілігімен құрылып, бес шағын топқа бөлінген 25 маманнан тұрады. Құрамына білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Өркен» балалардың әл-ауқаты арттыру институтының сарапшылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары, психологиялық қолдау орталықтарының директорлары мен тәжірибелі сарапшылар енеді. Мамандар Тараз қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерде болып, педагогтермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік-психологиялық ахуалды зерделеуде. Сондай-ақ мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге буллингтің алдын алу, деструктивті мінез-құлықты анықтау, ата-аналармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыру мәселелері бойынша семинарлар өткізілуде. Министрдің тапсырмасына сәйкес аталған жұмыс ұзақ мерзімді әдістемелік қолдау форматында жалғасады. Іс-шаралар республикалық «ДосболLIKE» антибуллинг бағдарламасымен және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасымен интеграцияланады.

Related

Жамбылда үш оқушының өлімінен кейін арнайы жұмыс тобы құрылды · Todayinfo