Todayinfo.kz
ОқиғаларView all articles

Жарыс кезінде Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесі табылды

Фото: Абай облысының ПД Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушыл

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Жарыс кезінде Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесі табылды
Фото: Абай облысының ПД Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. 10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушылардың бірінің денесін тапқаны туралы ақпарат түскен. Хабар түскеннен кейін ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, кейін дене туыстары арқылы анықталды. Қазіргі уақытта екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстары күндізгі уақытта күн сайын жалғасуда. Іздеу шараларына 100-ден астам адам, моторлы 13 қайық, 2 пилотсыз ұшу аппараты, 3 эхолот және 1 суасты дроны тартылған. Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Абай облысында Ертіс өзенінінің жағасындағы жарыс кезінде жардан автокөлік құлап кеткен еді.

Related

Жарыс кезінде Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесі табылды · Todayinfo