Қосшы халқы биыл түгелдей таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Үкімет жемқорлардан қайтқан ақшадан Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат бөлді, деп хабарлайды Todayinfo. «Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрыл
Қосшы халқы биыл түгелдей таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Үкімет жемқорлардан қайтқан ақшадан Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат бөлді, деп хабарлайды
Todayinfo.
«Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлінді. Осының арқасында қала халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтыладлы», - деп хабарлайды үкімет.
Қазіргі су құбыры шамамен 30 мың тұрғынды қамтамасыз етіп келеді. Алайда Қосшы қаласында тек ресми статистика бойынша шамамен 50 мың адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжанған. Одан бөлек тұрғыны көп 20 мыңға жуық тұрғыны бар Макинск ауылына да су толыққанды берілмек.
«Макинск қаласында жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым салынған. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Үмікметтің баспасөз қызметінен.