Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған маршруттық автобустың жүргізушісін жауапкершілікке тартты.
Оқиға салдарынан 6 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.“Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде”, – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында..




