Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Белімді бумадың, тірегім болмадың, тізеңді батырдың, пенделігіңді көрдім...»: Асанәлі Әшімов жайлы Жаманқұлов ерекше жазба жариялады

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Асқар тауымыз едің – аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Белімді бумадың, тірегім болмадың, тізеңді батырдың, пенделігіңді көрдім...»: Асанәлі Әшімов жайлы Жаманқұлов ерекше жазба жариялады
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Асқар тауымыз едің – аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің – соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын – арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың – әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің – өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың – жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың – табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың – бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың – ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың –  Мен кештім... Биіктігіңе пара-пар, Пенделігіңді көрдім –  Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сары уайым – Сағынышқа айналдың... Қош... Бақұл бол...», – деп жазды Т. Жаманқұлов.

Ұқсас материалдар

«Белімді бумадың, тірегім болмадың, тізеңді батырдың, пенделігіңді көрдім...»: Асанәлі Әшімов жайлы Жаманқұлов ерекше жазба жариялады · Todayinfo