18-21 сәуір аралығында ҚХР ШҰАР Қашқар қаласында «Жібек жолының жаңа ырғақтары, жастықтың үндестігі» тақырыбында Қытай-Орталық Азия жастар мәдени-көркемдік алмасу кездесуі өтті.

Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген жүзге жуық жас өкіл таулар мен теңіздерді артта қалдырып, мәдениетті көпір, өнерді құрал, жастықты негіз етіп, терең қарым-қатынас барысында бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, жастар достығының ұмытылмас әнін бірге жазды.

Іс-шара барысында жастар мәдени-көркемдік турлар, материалдық емес мәдени мұрамен танысу, көркемдік өнер көрсету, экологиялық қоғамдық бастамалар, далалық экскурсиялар және басқа да форматтар арқылы шомылу түрінде әртүрлі өркениеттердің ерекше сүйкімділігін сезініп, өзара достықты нығайтып, оны жастықтың ортақ қозғалысында гүлдендірді.
Аударған: Равил Будуков




