“Көк түсті қазақтар. Біз оларды дәстүрлі киіммен көреміз деп ойлаған едік. Бәлкім, дайындалуға уақыттары болмаған шығар. Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі жеңісін тойлап жатқан болар”, – деді тікелей эфир барысында репортёрлердің бірі әзілдеп.Айта кетейік, ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шебері Аяулым Әмренова алып шықты. Қазақстан құрамасында 18 ер және 18 әйел спортшы бар. Еліміздің ең жас спортшысы – 16 жастағы Асан Асылхан (фристайл-акробатика), ал ең тәжірибелі спортшы – 33 жастағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев. Ал экономикасы Қазақстаннан әлдеқайда нашар Монголияның Олимпиадаға тіктірген формасы әлем назарын аударды. Олар қысқа роликте түсіріп үлгерген. Монғолдар аз қаржымен тиімді жұмыс жасаудың үлгісін көрсетті. Төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы бақ сынайды. Айтулы додаға Қазақстан Олимпиадаға дайындық үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған.
«Дайындыққа 13 млрд теңге жұмсалған»: Италиядағы Олимпиада ойындарының ашылуында Қазақстан құрамасының формасы сынға ұшырады
Коллаж: orda.kz 2026 жылғы Италияда жалауын көтерген қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтатында Француз комментаторы Қазақстан құрамасының формасын келеке етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. France TV Direct телеарнасының тікелей эфиріндегі комментаторлар қазақ

Коллаж: orda.kz
2026 жылғы Италияда жалауын көтерген қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтатында Француз комментаторы Қазақстан құрамасының формасын келеке етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
France TV Direct телеарнасының тікелей эфиріндегі комментаторлар қазақстандық спортшыларды дәстүрлі қазақи нақыштағы киіммен көреміз деп күткендерін, алайда ұсынылған дизайнның тым қарапайым болғанын айтып, сынға алды.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·