Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қазақстанның иммундау бағдарламасын Орталық Азиядағы үлгілі деп бағалады. Балалардың 96%-ы күнтізбеге сай вакцина алады.
Қазір елімізде 12 түрлі инфекциядан тегін егу жасалады. Олар: туберкулез, гепатит, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, менингит, қызылша, паротит, краснуха, гемофилия типті инфекциялар және пневмококк.
ДДҰ өкілі бұл нәтиженің мемлекеттің тұрақты қаржыландыруы мен дәрігерлердің кәсіби біліктілігі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.




