Todayinfo.kz
Саясат

Қазақстандық партия жетекшісін Ресейге кіргізбеді: Әміртаев түсініктеме берді

«БАЙТАҚ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевты Мәскеу әуежайында ұстап, еш түсініктемесіз Қазақстанға қайтарған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Қазақстандық партия жетекшісін Ресейге кіргізбеді: Әміртаев түсініктеме берді
📷 Дереккөз: orda.kz

«БАЙТАҚ» партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаев әлеуметтік желіде Ресейге кіргізілмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу әуежайында бірнеше сағат күткеннен кейін еш түсініктемесіз Қазақстанға қайтарылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Амиртаев 24 сәуірде Астанадан Мәскеуге ұшатынын, алдымен «Аэрофлот» рейсімен жүруі керек екенін айтты. «Қазақстандық кеден және шекара бақылауынан өтіп, отырғызу алаңына бет алған кезде маған телефон арқылы фамилиям қандай да бір тізімде бар екенін және ұшаққа отырғызбайтынын хабарлады. Сонда Ресейдің жасылдар партиясы шұғыл түрде РФ құзыретті органдарына сұрау салып, кейін маған ешқандай елеулі нәрсе жоқ, ең жақын рейспен Мәскеуге ұша алатынымды айтты», — деп жазды ол.

Саясаткер SCAT рейсімен ұшқан. Бірақ Мәскеуге жеткен соң оны қосымша тексеруге жіберген. Амиртаевтың айтуынша, таңғы үштен тоғызға дейін себебін түсіндірмей күту аймағында ұстаған, содан кейін шекара қызметі қызметкерлері Қазақстанға қайту туралы құжатқа қол қоюды ұсынған. «Таңғы 9-да маған шекара қызметінің қызметкері келіп: «Құжатқа қол қойыңыз. Сіз Қазақстанға қайтарыласыз» деді. Менің «Неге?» деген сұрағыма «Біз білмейміз» деп жауап берді. Мен заң бұзған жоқпын. Мен қауіп төндірмеймін. Экология туралы айтуға келген адамды неге еш түсініктемесіз қайтарады?» — деп ашуланды Амиртаев.

«Мен заң бұзған жоқпын. Мен қауіп төндірмеймін. Экология туралы айтуға келген адамды неге еш түсініктемесіз қайтарады?» — деді Азаматхан Амиртаев.

Еске сала кетейік, «БАЙТАҚ» партиясы 2022 жылы пайда болып, Мәжіліс сайлауына қатысып, 2,3% дауыс жинаған. 2023 жылы партия ішінде жанжал басталып, саяси кеңестің бір бөлігі Амиртаевты басшылықтан алып тастауға тырысқан, оны жарғыны бұзу және ашық емес басқару деп айыптаған. Амиртаев болса бұл рейдерлік басып алу әрекеті деп атаған.

Ұқсас материалдар