Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Отбасымен шетелде қордың есебінен демалады»: экономист «Самұрық-Қазына» қорында «параюштпен» түскен бастықтардың көп екенін айтты

Фото: ЖИ Елдің негізгі қазынасына ие «Самқұрық-Қазын» қоры Президенті Тоқаевтың сынынан көз ашпай келеді. Ондаған Ұлттық холдингтер мен олардың айналасында жүздеген компаниялар ашып тастаған «Самұрық-Қазына» қаражатты тиімсіз жұмсаудан сынға ұшырап, анығында белгілі топтар ғана п

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Отбасымен шетелде қордың есебінен демалады»: экономист «Самұрық-Қазына» қорында «параюштпен» түскен бастықтардың көп екенін айтты
Фото: ЖИ Елдің негізгі қазынасына ие «Самқұрық-Қазын» қоры Президенті Тоқаевтың сынынан көз ашпай келеді. Ондаған Ұлттық холдингтер мен олардың айналасында жүздеген компаниялар ашып тастаған «Самұрық-Қазына» қаражатты тиімсіз жұмсаудан сынға ұшырап, анығында белгілі топтар ғана пайдасын көріп келеді. Аталған қордағы келеңсіздіктерді экономист Мақсат Халық тізіп шықты. Экономист Ұлттық компаниялар штатын қысқарту арқылы қомақты қаржы үнемдеу мен тиімді басқарулың жолдарын айтты, деп жазады Todayinfo порталы. «Қордың нақты әлеуеті қандай? Әкімшілік шығындарды оңтайландыру және газдандыру сияқты инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тиімді бола ала ма?
Мұндай қайта бөлу бюджет саясатына қаншалықты сәйкес келеді? Неге қор жекелеген топтардың май шелпегіне айналды деген сауалдар аз емес. Бұл мәселе негізінен Қаңтар оқиғасынан кейін көтерілген еді. Сол кезде «Самұрық-Қазына» қорының орталық аппаратында шамамен 250 адам жұмыс істейтіні айтылып, олардың тең жартысы қысқартылған. Алайда қазір қайта қарап, штат саны бұрынғыдай толтырылып қойған деп айтуға болады», - деді экономист.
Дегенмен, негізгі мәселе тек «Самұрық-Қазынаның» өзінде ғана емес. Проблема қордың айналасындағы ұлттық квазимемлекеттік сектор компанияларында және саңырауқұлақша қаптаған еншілес құрылымдарында жатыр.
«Өзім танитын, шетелде «Болашақ» бағдарламасымен білім алып келген, өз күшімен қорға жұмысқа орналасқан мамандар бар. Олар ең көп дегенде аға қызметкер деңгейіне дейін ғана көтеріле алатынын айтады. Ал олардың үстінен «парашютпен» түсіп, басшылық қызметке келетіндер бар. Мұндай басшылар кейде нақты саланы терең білмейді. Осындай «фиктивті менеджерлердің» бар екені жасырын емес. Кейбір жағдайларда тек есеп беруді формалды түрде рәсімдеп, бір парақ қағазды өткізу үшін ғана жалақы алып отырғандар кездеседі деген пікірлер де бар. Тіпті іссапар қаражатын жеке мақсатқа пайдаланып, отбасымен барып демалып келетін жағдайлар бар екені айтылып жүр. Мұның бәрі мұқият тексерілуі тиіс», - деді Мақсат Халық.
«Самұрық-Қазына» қорына әлдеқашан ауқымды, тәуелсіз аудиттен өтуі керек екені айтылып келеді. Негізгі қаржы ағындарының қайда және қалай жұмсалып жатқаны ашық зерттелуі қажет. Өткен жылғы шығындардың өзі 12 триллион теңгені құрағаны айтылды. Бұл өте үлкен сома, шамамен бір мемлекеттік бюджеттің жартысына жуық қаражат.
«Сондықтан Президент бұл мәселені жай көтеріп отырған жоқ. Бұл – қайта қарауды, терең зерттеуді, «лупамен» қарап тексеруді қажет ететін күрделі бағыт. Ал үнемделген қаржыны депутат Саиров мырза айтқандай газдандыруға бағыттау мәселесіне келсек, меніңше, бұл екінші кезектегі мәселе. Ең алдымен бюджетті жүйелеп, ашық әрі тиімді басқаруды жолға қою қажет. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік міндеттемелері онсыз да жеткілікті, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатын басымдықтар көп. Газдандыру инфрақұрылымдық жоба. Мұндай жобалардың қайтарымдылығы кейде 10–15 жылға дейін созылады. Сондықтан оларды тек мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру әрдайым тиімді бола бермейді. Мұндай жобаларға шетелдік тікелей инвестицияны немесе халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту әлдеқайда тиімдірек болар еді деп есептеймін», - деді сарапшы

Ұқсас материалдар