Екі шахматшы арасындағы текетірестің тамыры 2021 жылғы ФИДЕ Әлем кубогына барып тіреледі. Сол турнирде Асаубаева тай-брейкте басым түсіп, алғашқы шиеленістің ұшқыны байқалған. Алайда ашық қақтығыс 2022 жылы басталды. Сол кезде Асаубаева федерация басшылығына қатысты даулы мәлімдеме жасап, «үш миллиард» төңірегіндегі әңгімені көтерген еді. Әбдімәлік бұл айыптауларды бірден жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 2023 жылы Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при кезеңінде жағдай тағы ушықты. Жарыс ұйымдастыруына көңілі толмаған Әбдімәлік турнирден бас тартқаннан кейін, Асаубаева оны «эгоизм» үшін сынады. Осыдан кейін екі спортшы арасындағы даулы пікірталас медиа кеңістікте ұзаққа созылған текетіреске айналды. Қазір бұл тақырып уақытша саябырсығанымен, Әбдімәлік болашақта қандай да бір айыптаулар қайталанса, мәселені құқықтық алаңда шешуге ниетті екенін нақты жеткізді.«Сол кезде көп нәрсе айтылмай қалды. Негізі айтарым да, дәлелім де жеткілікті. Бірақ енді ондай жағдай қайталанса, мен дайынмын — адвокаттарым бар, бірден сотқа жүгінеміз. Себебі бұл жай ғана пікір емес, нақты жала. Мұны басқаша атау қиын. Кейде тіпті күлкілі көрінеді, бір тәуелділік секілді әсер қалдырады. Мен үш жылдан бері шахматтан алыстасам да, бұл тақырып әлі күнге дейін қозғалады», – деді ол.
«Сотқа жүгінуге дайынмын»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен болған дау туралы шындықты айтты
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік үш дүркін блиц бойынша әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен арадағы жанжал қайталанған жағдайда сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді. Жансая Әбдімәлік бұл туралы Zamandas YouTube-арнасына берген сұхбатында ашық айтты, деп хабарлайды Todayinf

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік үш дүркін блиц бойынша әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен арадағы жанжал қайталанған жағдайда сотқа жүгінуге дайын екенін мәлімдеді. Жансая Әбдімәлік бұл туралы Zamandas YouTube-арнасына берген сұхбатында ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әбдімәліктің сөзінше, бұған дейінгі жанжалдар кезінде ол көп дүниені іште сақтағанымен, енді үнсіз қалуды жөн көрмейді. Егер тағы да өзі туралы жалған ақпарат тараса, заңды жолмен жауап беруге бел буған.
Ұқсас материалдар

Спорт
«Өгей әкесімен Мәскеуде тұрады, бір ауыз қазақша білмейді»: журналист Бибісара Асаубаеваның Путиннен ресей азаматтығын сұрағанын жайып салды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Елдің интеллектуалдық болашағына шенеуніктер емес, менің ата-анам инвестиция салып жүр»: Асаубаева Спорт министрлігінің жауабына шүйлікті
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Бибісараға соңғы 3 жылда 700 миллион теңге бөлінді»: Журналист спорттағы шығындарды сынға алды
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Мәлімдемесі шындыққа сай келмейді»: Министрлік Асаубаеваға қанша ақша бөлінгенін жайып салды
Айғаным Нариманова·