Түрмедегі бизнес: Алматы облысында сотталғандар несие рәсімдеп, казино ойнаған
Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд. т

Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд. теңгеден асқан, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
№10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.
Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды.
Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды.
Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Түркістан облысында қараусыз қалған 2 жастағы ұл әжетханаға құлап, көз жұмды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·