Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Жаңа iPhone 17: бағалары, мүмкіндіктері және алғашқы реакциялар

Apple компаниясы көптен күткен жаңа өнімдерін таныстырды: iPhone 17 , iPhone 17 Pro , iPhone 17 Pro Max және жаңа ультражұқа iPhone Air . Сондай-ақ, AirPods Pro 3 және Apple Watch жаңартылды. Ең басты тосынсый — iPhone Air бұрынғы Plus моделін алмастырып, тарихтағы ең жұқа iPhone

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··3 мин оқу
Жаңа iPhone 17: бағалары, мүмкіндіктері және алғашқы реакциялар

Apple компаниясы көптен күткен жаңа өнімдерін таныстырды: iPhone 17, iPhone 17 Pro, iPhone 17 Pro Max және жаңа ультражұқа iPhone Air. Сондай-ақ, AirPods Pro 3 және Apple Watch жаңартылды. Ең басты тосынсый — iPhone Air бұрынғы Plus моделін алмастырып, тарихтағы ең жұқа iPhone болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

iPhone Air — ең жұқа смартфон

Негізгі премьера — iPhone Air. Оның қалыңдығы бар болғаны 5,6 мм, бұл Samsung Galaxy S25 Edge моделінен де жұқа. Экран өлшемі — 6,6 дюйм, жаңарту жиілігі — 120 Гц. Жаңа құрылғы A19 Pro чипімен жұмыс істейді.

https://youtu.be/M0au92yebLQ

Камера мүмкіндіктері де күшейген: 48 Мп Fusion камерасы, бір уақытта алдыңғы және артқы камерамен түсіру мүмкіндігі бар. Apple арнайы жұқа MagSafe батареясын ұсынды: ол арқылы видео көру уақыты 40 сағатқа дейін ұзарады.

Жаңа түстер: қара, ақ, көк және алтын.

iPhone 17 — базалық нұсқа

iPhone 17 енді 128 ГБ емес, 256 ГБ жадтан басталады. Дисплейі — 6,3 дюйм, жиілігі — 120 Гц. Екі 48 Мп камерасы бар Dual Fusion жүйесі орнатылған. Түстері: лаванда, көгілдір, қара, ақ және sage.

iPhone 17 Pro және Pro Max — кәсіби мүмкіндіктер

Pro модельдері жаңа дизайнмен шықты: үштік камера көлденең орналасқан. Барлық модульдер — 48 Мп, алдыңғы камера — 18 Мп. Камера сенсоры 56%-ға үлкейген, бұл әсіресе қараңғыда түсіргенде сапаны арттырады.

https://youtu.be/31MbUHX7W8k

Pro нұсқаларда ProRes RAW, 4К 120fps түсіру мүмкіндігі бар. Контент жасаушыларға арналған қосымша функциялар — алдыңғы және артқы камерамен бір уақытта жазу.

AirPods Pro 3 — құлаққаптағы аудармашы

Жаңа AirPods Pro 3 жетілдірілген шуды басу жүйесімен және Live Translation (тірі аударма) функциясымен шықты. Әзірге қазақ және орыс тілдері қолжетімді емес.

Apple Watch — денсаулық бақылауда

Apple Watch Series 11 қан қысымын бақылап, ұйқы сапасын анықтай алады. Ал Apple Watch Ultra 3 спутниктік байланыс пен 42 сағаттық автономдылықпен ерекшеленеді.

Бағалары

  • iPhone Air — 999 доллардан (шамамен 534 мың теңге)

  • iPhone 17 — 799 доллардан (шамамен 481 мың теңге)

  • iPhone 17 Pro — 1099 доллардан (шамамен 593 мың теңге)

  • iPhone 17 Pro Max — 1199 доллардан (шамамен 647 мың теңге)

  • AirPods Pro 3 — 249 доллардан (шамамен 135 мың теңге)

  • Apple Watch Series 11 — 399 доллардан (шамамен 215 мың теңге)

  • Apple Watch Ultra 3 — 799 доллардан (шамамен 430 мың теңге)

Қазақстандағы маркетплейстерде алғашқы аптада бағасы 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Әлеуметтік желідегі пікірлер

Жаңа iPhone-дарға қатысты қолданушылар пікірі екіге бөлінді:

  • Бір бөлігі дизайнды тым қарапайым деп сынауда.

  • Енді бірі «оранжевый iPhone»-ға қызығушылық танытып отыр.

  • Кейбірі рекордтық жұқалық батареяға кері әсер етті ме деп алаңдауда.

  • Ал сатып алуға дайын аудитория жаңа түстер мен функцияларды ерекше мақтайды.

«Маған ұнамады», «Дизайн қызықсыз», «Алғашқылардың бірі болып сатып аламын» деген пікірлер қатар айтылуда.

Ұқсас материалдар