Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
Алматы облысында отбасындағы жанжалдан кейін хабар-ошарсыз кеткен әйелдің төрт күннен кейін өлі денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo. Туыстарының айтуынша, 1982 жылы туған Мұнирам Абдурусулова 25 тамыз күні түскі уақытта үйінен шығып кеткен. Сол күйі қайтып оралмаған. Жақында

Алматы облысында отбасындағы жанжалдан кейін хабар-ошарсыз кеткен әйелдің төрт күннен кейін өлі денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Туыстарының айтуынша, 1982 жылы туған Мұнирам Абдурусулова 25 тамыз күні түскі уақытта үйінен шығып кеткен. Сол күйі қайтып оралмаған. Жақындары оның жоғалғанын бірден полицияға хабарлап, іздеу шаралары басталған.
Әйелді табуға еріктілер де, жергілікті тұрғындар да жұмылды.
LIDER.KZ еріктілер тобы оның фотосын таратып, ерекше белгілерін көрсетті: бойы шамамен 180 сантиметр, арық денелі, ұзын қызыл шашты, қоңыр көзді. Бетінде және аузының оң жағында ірі меңдері бар екені айтылған. Ол үйден шыққанда үстінде көк түсті көйлек, аяғында қара аяқкиім болған.
Бірнеше күн бойы ауыл ішінде де, маңайдағы жерлерде де іздеу тоқтамады. Жақындары мен еріктілер үмітін үзбей іздегенімен, 29 тамыз күні әйелдің денесі табылды.
Еріктілердің алдын ала мәліметінше, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін. Дегенмен нақты себебін құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·