28 мың шаршы метр: түрмедегі Кәрім Мәсімовтің үйі аукционда екінші рет сатылмады
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бәссаудаға қойылған Астанадағы заулім сарайы тағы сатылмады, деп хабарлайды Todayinfo . 28 наурыз күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді. Сатып алушылардан

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бәссаудаға қойылған Астанадағы заулім сарайы тағы сатылмады, деп хабарлайды Todayinfo.
28 наурыз күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.
Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.
Айта кетейік, бұл үй 25 ақпанда да бәссаудаға қойылып, алайда сатылмаған.
Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы – Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.
Құжаттарға сәйкес, онда ресепшн, бассейндер, бильярд бөлмесі, бірнеше көлік тұрағы және ондаған бөлме бар.
Related

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

News
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·