Алматыда алып бала дүниеге келді
Алматыда салмағы 6 келілік сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Анар Жахина есімді Алматы тұрғыны алып баланы дүниеге әкелді. Әу бастан-ақ дәрігерлердің қарауында болған ана Алматы қалалық перинаталды орталықта 5 баласын босанған. "Ұлдың салмағы 5810

Алматыда салмағы 6 келілік сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Анар Жахина есімді Алматы тұрғыны алып баланы дүниеге әкелді. Әу бастан-ақ дәрігерлердің қарауында болған ана Алматы қалалық перинаталды орталықта 5 баласын босанған.
"Ұлдың салмағы 5810 грамм, бойы 60 см. Балаға Мухаммад деген ат қойылды. Сәби үйдегі төртінші ұл, отбасында тағы бір қыз бар. Анаға кесір тілігі жасалды. Әу баста ана өзі босанады деп жоспарланған. Алайда сәбидің салмағы ауыр болғандықтан дәрігерлер операция жасады", - деп хабарлды Алматы қалалық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі.
Көпбалалы ана бүгін палатаға ауыстырылып, баласын бауырына басқан. Сәбидің де, ананың да денсаулығы жақсы. 5— қаңтар күні босанған Анар Жахина үш күннен соң үйіне оралады.
"Перинаталды орталықта жылына 9 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Биылдың өзінде 140 сәби өмірге келді. Бұл орталық мамандандырылған мекеме. Салмағы 500 грамм болатын шала жетілген нәрестелер, үшемдер, егіздер, салмағы ауыр балалардың аналары осында босанады. Дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін күреседі", - деді орталықтың акушер-гинеколог дәрігері Тойдық Рахметова.
Related

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанның болашағы әрбір отбасыдан басталады - Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·