Todayinfo.kz
NewsView all articles

Алматыда FIS фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді

Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталмақ. Жарыс Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) қолдауымен 1986 жылдан бері жыл сайын өтетін халықаралық турнир. 2020/2021 маусымда Алматыда фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы бойынша FIS Әлем чемпионаты м

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Алматыда FIS фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді
Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты басталмақ. Жарыс Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) қолдауымен 1986 жылдан бері жыл сайын өтетін халықаралық турнир. 2020/2021 маусымда Алматыда фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы бойынша FIS Әлем чемпионаты мен FIS Әлем кубогының кезеңдері өтті. Қазақстандық спортшылар жыл сайын жоғары деңгейде өнер көрсетеді. "Шымбұлақ тау-шаңғы курорты алғаш рет FIS Әлем чемпионатын қабылдайды. Жарыс бағдарламасына могул, параллель могул және шаңғы акробатикасы енеді. Сонымен қатар, командалық жарыстар өтеді, оған 13 елден 110-нан астам спортшы қатысады",- деп хабарлады Шымбұлақ таулы курортының баспасөз қызметі. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ: 7 қаңтар: 10:00–15:30 — Моguls 8 қаңтар: 11:00–14:30 — Dual Moguls 9 қаңтар: 11:00–15:00 — Dual Moguls Teams 10 қаңтар: 11:00–13:30 — Aerials 11 қаңтар: 12:00–13:30 — Aerials Teams Спикерлер: • Әбдірахманов Ринат (курорттың бас директоры) және Ләззат Бастаубаева (бас директордың орынбасары) — курорттың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындығы туралы айтып береді. • Андреа Риналди (FIS face director) — ұйымдастыру комитетінің жұмысына баға береді. • Уәлиев Асқар (ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының Бас хатшысы) — жарыс туралы жалпы ақпарат беріп, басты демеушілерге алғыс айтады. Жарыс өтетін орын: Шымбұлақ тау-шаңғы курорты • Могул: ККД-4 («La Skala» мейрамханасы) • Акробатика: Шымбұлақтың Базалық станциясындағы пандус Баспасөз мәслихаты өтетін күні мен уақыты: 8 қаңтар, 15:30 Баспасөз мәслихаты өтетін орын: Шымбұлақтың базалық станциясы, «Эдельвейс» конференц залы Жарыстардың алғашқы күні (7 қаңтар) баспасөз бейдждерін «Медеу» базалық станциясындағы ақпарат орталығынан ала аласыз.

Related

Алматыда FIS фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді · Todayinfo