Желі қолданушысы Маргарита Иманәлінің жазуынша, құрбысы қазақстандық әйелді бала күтуші қылып жұмысқа алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесім деп сенген секілді. Алайда бәрі керісінше болып шыққан. Автор күтушінің баланы ұрып-соққан видеосын қоса бөлісті.

“Есімбекова Мейраш. Америкада Невада штатында құрбымның үйінде жарты жыл бойы бала күтуші болып жұмыс істеген. Америкаға келмес бұрын барлық қажетті анықтамалар мен ұсыныс хаттарды жіберген. Бір күні құрбым жұмыста болған кезде үйге телефон шалады. Оған қызының құлап, жарақат алғанын айтады. Бірнәрсенің дұрыс емес екенін сезген құрбым үйдегі бейнебақылау камераларын қарай бастайды. Сол кезде бір жасар балаға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын көреді! Бейнежазбаны қоса тіркеп отырмын. Өтінемін, бұл ақпаратты барынша таратыңыздар. Бала күтуші болып жұмыс істейтін бұл адамның қандай әрекеттерге барғанын барлығы білсін”, – ден жазды ол.

Автордың айуынша, бала күтуші Қазақстан азаматы. Құрбысы оны сол сәтте-ақ жұмыстан шығарған. Бәлкім, жақын арада Қазақстанға қайтып келуі мүмкін. Сондықтан көпшілікке сақ болуды, күдік туғызатын жағдайларға бей-жай қарамауға шақырды.