Todayinfo.kz
NewsView all articles

Ақмола облысында бір мезетте 40-қа жуық көлік соқтығысты (видео)

Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы  арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты б

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Ақмола облысында бір мезетте 40-қа жуық көлік соқтығысты (видео)

Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы  арасындағы тас жолда 40-қа жуық көлік соқтығысты.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Жаппай апаттың куәгерлері мен қатысушылары оқиға орнынан видео түсіріп алған. Кадрлардан тас жолда қатты боран соққанын байқауға болады. "Сағат 13:30-да Ақмола облысындағы Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты 40-қа жуық көлік соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында полицейлер жүр", – делінген хабарламада.
 
View this post on Instagram
 

A post shared by Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

Қатты боран салдарынан Астана-Щучинск тас жолы сағат 12:00-ден бастап жабылды. Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бір мезетте үш педагог қаза тапқаны туралы жазған едік.

Related

Ақмола облысында бір мезетте 40-қа жуық көлік соқтығысты (видео) · Todayinfo