Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды

Фото: Астана қаласының әкімдігі Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігі аудандық полиция басқармасымен

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды
Фото: Астана қаласының әкімдігі Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігі аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды. Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.

Related

Астанада насыбай мен снюс сатқандарға айыппұл салынды · Todayinfo