Todayinfo.kz
NewsView all articles

Астанада вокзал маңынан кішкентай бала табылды

Фото: Әлеуметтік желі Астанада вокзалдан қараусыз қалған бала табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазба бар екені айты

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Астанада вокзал маңынан кішкентай бала табылды
Фото: Әлеуметтік желі Астанада вокзалдан қараусыз қалған бала табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазба бар екені айтылған. Көлік департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Сонымен қатар полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады. «Астана» станциясындағы Желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Related

Астанада вокзал маңынан кішкентай бала табылды · Todayinfo