Бөрісырғақ басталады: еліміздің 15 өңірінде қалың қар және бұрқасын болады
Фото: ekogradmoscow Бүгінен бастап елдің көп бөлігінде қыс қаһарына мінеді. Елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақтар бұл уақытты «бөрісырғақ» деп атап, аса ұзақ жолға шықпаған, малды қорада, жайлы жерде ұстаған. «Қыс шілдесі» немесе «Бөр

Фото: ekogradmoscow
Бүгінен бастап елдің көп бөлігінде қыс қаһарына мінеді. Елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақтар бұл уақытты «бөрісырғақ» деп атап, аса ұзақ жолға шықпаған, малды қорада, жайлы жерде ұстаған.
«Қыс шілдесі» немесе «Бөрісырғақ» қарсаңында Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.
Атырау облысында да жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтілуде.
Қостанай облысында бұрқасын, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын.
Маңғыстау облысында көктайғақ. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында бұрқасын, жел соғады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар мол түседі. Күн тұманданып, көктайғақпен қатар таулы аудандарында бұрқасын екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады, қарлы боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысында бұрқасын мен тұман болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында аяз түсіп, қар жауады, тұман, көктайғақ күтілуде. 15-20 м/с екпінді жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында да қар мен бұрқасын.
Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Күндіз жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Қаңтардың соңғы күндері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяз болады. «Қыс шілдесі» мен қасқырлар жұптасатын «Бөрісырғақ» кезінде қолайсыз ауа райы бір аптадан асады.
Related

News
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

News
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

News
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·