Депутат қаруды қайта оқтау кезінде өзін-өзін атып алды
Челябі облыстық депутаты Павел Избрехт оқ ату клубында қаруды қайта оқтау кезінде өзін абайсызда атып, қаза тапты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттың порталы. 46 жастағы депутат Долгодеревенское ауылындағы «Царская охота» атқыштар клубында жаттығу жасап жатқан. Белгілі болғ

Челябі облыстық депутаты Павел Избрехт оқ ату клубында қаруды қайта оқтау кезінде өзін абайсызда атып, қаза тапты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттың порталы.
46 жастағы депутат Долгодеревенское ауылындағы «Царская охота» атқыштар клубында жаттығу жасап жатқан. Белгілі болғандай, ол Blaser маркалы мылтығын өзіне байқамай бағыттап, кездейсоқ оқ атылған. Ауыр жарақат алған депутат сол жерде көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде.
Павел Избрехт 2014 жылдан бері Челябі цинк зауытын басқарған. 2021 жылдың күзінен бастап ол аймақтық заң шығарушы жиналыстың өнеркәсіптік саясат жөніндегі комитетіне мүше болып кірген. Сондай-ақ, жуырда Челябі облысының өнеркәсіп министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы болып тағайындалған еді.
Related

News
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

News
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

News
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·