Димаш Құдайберген аз қамтылған отбасы балаларына ойыншық таратты
Мексикадағы ресми Димаш клубы 30 жылдығын тойлап жатқан жаһандық ойыншықтар фестивалі бастамасына қосылды, деп хабарлайды todaynifo порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап . Димаштың Мексикадағы фан-клубы үшінші жыл қатарынан 30 жылдығын тойлап жатқан

Мексикадағы ресми Димаш клубы 30 жылдығын тойлап жатқан жаһандық ойыншықтар фестивалі бастамасына қосылды, деп хабарлайды todaynifo порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап .
Димаштың Мексикадағы фан-клубы үшінші жыл қатарынан 30 жылдығын тойлап жатқан жаһандық “Ойыншықтар мерекесі” фестивалімен бірігіп жұмыс атқаруда. Бұл ауқымды қайырымдылық жобасы әлемдегі ең үлкен ойыншықтарды жинау шарасына айналды. Оның басты мақсаты – Мексика мен Латын Америкадағы аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйлау болатын.
Биыл да дәл бұрынғыдай жоба аясында Димаш Құдайбергеннің атынан көптеген ойыншықтар сыйға тартылды. 6 қаңтарда, Үш патша атты мереке қарсаңында сыйлықтар өздерінің кішкентай адресаттарын тауып, риясыз көмектің маңыздылығын тағы да еске салды.
Related

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанның болашағы әрбір отбасыдан басталады - Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

News
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·