Todayinfo.kz
NewsView all articles

Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасының басшысы ұсталды (видео)

Құқық қорғау органдарына жақын Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, "Азербайджан-Урал"  ұйымының жетекшісі Шахин Шихлинскийдің көлігін көшеде тоқтатқан. Жергілікті БАҚ жариялаған видеода күш құрылымдарының жол талғамайтын көліктің терезелерін балғамен сындырып, жолаушы

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасының басшысы ұсталды (видео)
Құқық қорғау органдарына жақын Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, "Азербайджан-Урал" ұйымының жетекшісі Шахин Шихлинскийдің көлігін көшеде тоқтатқан. Жергілікті БАҚ жариялаған видеода күш құрылымдарының жол талғамайтын көліктің терезелерін балғамен сындырып, жолаушыны сыртқа сүйреп шығарып, қолына кісен салғаны көрінеді. Baza мәліметінше, Шихлинский бірнеше күн бұрын Сафаровтар бауырлары қаза тапқан арнайы операция кезінде сұраққа алынған. Оның ұлының айтуынша, қазір әкесі Тергеу комитетінде жауап беріп жатыр. Шахин Шихлинскийдің ұсталғанын Әзербайжанның Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған Trend агенттігі де растады.

Related

Екатеринбургте Әзербайжан диаспорасының басшысы ұсталды (видео) · Todayinfo