Танымал әнші Жазира Байырбекова әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің айтуынша, әр отбасының өз құпиясы мен ішкі мәселесі бар, сондықтан олардың жеке өміріне сырттан баға беру немесе қандай да бір қорытынды жасау дұрыс емес. Сонымен қатар ол қандай жағдай болса да, ең алдымен балалардың мүддесі ескерілуі керектігін атап өтті.
Жазира Байырбекова ерлі-зайыптының бес баласы бар екенін еске салып, ата-ана ретінде олар өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынасты сақтауға тиіс екенін жеткізді. Оның сөзінше, үлкендердің арасындағы кез келген келіспеушілік балалардың психологиялық жағдайына әсер етпеуі қажет.




