- Картоп — 1800 тонна,
- Пияз — 390 тонна,
- Сәбіз — 340 тонна,
- Қырыққабат — 910 тонна көлемінде сатып алу жоспарланған.
Халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 100-ге жуық АШТӨ-мен келісімшарт жасалды
Түркістан облысында халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша ауқымды кездесу өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, оның ішінде а

Түркістан облысында халықты жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша ауқымды кездесу өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, оның ішінде ауылшаруашылық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов пен ішкі сауда басқармасының басшысы Темірлан Маратов қатысты.
Кездесуге еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың өкілдері жиналды. Түркістан облысының ерте пісетін көкөністерді егетін шаруалары да қатысып, өз өнімдерін форвардтық келісімшарттар арқылы сату туралы маңызды келіссөздер жүргізді.
Бұл келісімшарттар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ерте пісетін көкөніс өнімдерін өндіруін ынталандыруға бағытталған. Кездесу барысында Түркістан облысының 100-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен келісімшарттар жасалды. Бұл келісімшарттар 2025 жылға дейінгі мерзімге есептелген және халықты сапалы, қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді көздейді.
Шаруалар мен ауыл шаруашылығы ұйымдарының арасындағы келіссөздер нәтижесінде картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат сияқты көкөністерді сатып алу бойынша келісімдер жасалды. Атап айтқанда, келісімшарт бойынша:
Related

News
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Айғаным Нариманова·

News
За клевету в Instagram жителю Актюбинской области назначили штраф в 545 тысяч тенге
Жаннұр Еділбаева·

News
Ақтөбе университетінде педагогтерге арналған ғылыми жоба өз жұмысын бастады
Жаннұр Еділбаева·

News
Тоқалдар дауы: Болат Назарбаевтан қалған байлыққа оның заңсыз туған балалары да таласа бастады
Айғаным Нариманова·