Todayinfo.kz
NewsView all articles

Интерпол іздеуінде жүрген қазақстандық Ресейден ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, – деп хабарлайды Todayinfo.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап. Күдікті былтыр жазда Алматыдағ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Интерпол іздеуінде жүрген қазақстандық Ресейден ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген, – деп хабарлайды Todayinfo.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап. Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

Related

Интерпол іздеуінде жүрген қазақстандық Ресейден ұсталды · Todayinfo