Ипотека қиындады: көпбалалы отбасыларға, білім мен медицинаға берілетін жеңілдіктер жойылды
Фото: egov.kz 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ипотекалық несие бойынша төленетін сыйақыға қатысты салықтық шегерім алынып тасталды. Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексінде бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы. Өзгерістің себебі ресми түрде түсіндірілмеді. Ал

Фото: egov.kz
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ипотекалық несие бойынша төленетін сыйақыға қатысты салықтық шегерім алынып тасталды. Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексінде бекітілді, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
Өзгерістің себебі ресми түрде түсіндірілмеді. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті бұл шараны қысқа ғана "оптимизация" деп атады. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға, білім мен медицинаға берілетін жеңілдіктер де жойылды.
Бұрын ипотека алушылар жалақысынан есептелетін жеке табыс салығын азайта алатын. Бұл арқылы олар жылына орта есеппен 50 мың теңгеге дейін қайтарып алатын. Шегерім тек пайыздық төлемдерге қолданылатын, негізгі қарызға емес. Ол жұмыс беруші арқылы рәсімделетін. Енді ипотека алушылардың жеке табыс салығы толық жалақыдан есептеледі, пайыздық жеңілдіксіз.
2025 жылдың 1 қарашасынан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк ипотека бойынша міндетті зейнетақы жарнасын 25%-дан 20%-ға төмендету талабын уақытша тоқтатқан болатын. Агенттік бұл шешім халық пен банктердің мүддесі үшін қабылданғанын мәлімдеді.
Related

Business
Қазақстандағы бір адамның мойнында кемі 4 несие бар - Үкімет
Айдар Керім·

Business
Желге ұшқан 75 миллиард: Смайылов бюджет қаражатының ысырап болғанын әшкереледі
Айдар Керім·

Business
Досрочное снятие пенсий: почему МВФ и ОЭСР были против такого решения
Айғаным Нариманова·

Business
Үкімет Қазақстанның 11 өңірінде әлемдік деңгейдегі 24 қонақ үй салатын болды
Айдар Керім·