Todayinfo.kz
BusinessView all articles

Қазақстандағы бір адамның мойнында кемі 4 несие бар - Үкімет

Бүгін үкімет халықтың табысын арттыруға қатысты жоспарын таныстырып жатыр

By Айдар Керім··1 min read
Қазақстандағы бір адамның мойнында кемі 4 несие бар - Үкімет
📷 Фото: istockphoto.com

Бүгін үкімет мүшелері «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарын» таныстырып жатыр. Осы жоспар бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин қазақстандықтардың несиесіне қатысты статистика ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

 

Амриннің сөзінше, бұл кешенді жоспардағы үшінші бағыт - халықтың борыштық жүктемесін азайту.

«Халықтың кредиттік жүктемесі мен тұтынушылық несиенің көбейгені ерекше назарға ие болды. 2022 жылы тұтынушылық несиенің үлесі 6,1 трлн теңге болса, 2026 жылы бұл 16,8 трлн теңгеге жеткен. «Бірінші кредиттік бюро» аналитикалық орталығының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюроға ақпарат беретін барлық ұйымдар алдындағы халықтың қалдық берешегі 27,5 трлн теңге. Аталған сомаға жеке кәсіпкерлердің несиелері кірмейді, ал ең жақын төлемге есептелген сыйақы ескеріледі және есептен шығарылған берешек қамтылмайды», - деп түсіндірді Амрин.

Осылайша, Амрин хабарлағандай, дәл қазір Қазақстанда 8,95 млн адамның 39,4 млн теңге несиесі бар.

«Орта есеппен бір адамға 4,4 несие тиесілі», - деп толықтырды Амрин.

Related

Қазақстандағы бір адамның мойнында кемі 4 несие бар - Үкімет · Todayinfo