Көгалдандыру аймақтарын күтіп-ұстауға қажетті техникалар көрмесі өтті
Түркістанда көктем-жаз мезгіліне дайындық аясында жасыл алаңдарды күтіп-ұстауға қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесі өтті. Көрмеде үлгілік 25 түрлі техника мен құрал-жабдықтың 200 данасы таныстырылды. Бұл құралдар көгалдар мен саябақтарды күтіп-ұстауда қолданылатын ең т

Түркістанда көктем-жаз мезгіліне дайындық аясында жасыл алаңдарды күтіп-ұстауға қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесі өтті.
Көрмеде үлгілік 25 түрлі техника мен құрал-жабдықтың 200 данасы таныстырылды. Бұл құралдар көгалдар мен саябақтарды күтіп-ұстауда қолданылатын ең тиімді әрі жоғары сапалы жабдықтар боп саналады.
Көрме барсында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен технологиясы және ағаштарды, көгалдарды, гүлдерді және бұталарды күтіп-ұстаудың негізгі технологиялары мен тәсілдері, жұмыс бабы кеңінен түсіндірілді.
Сондай - ақ, сәндік гүлдерді егу жұмыстары мен күтіп-баптаудың үлгілері көрсетілді.
Түркістан қаласында тазалық жұмыстарымен қатар, жасыл алаңдарды күтіп-баптау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында жалпы 34 саябақ, 75 сквер мен аллея, 163 көше және 16 жасыл алаң бар. Бұдан басқа, қалада скверлер мен аллеялар, 288 нысандық жасыл алаң мен 92 дана субұрқақтар орналасқан.
Қала аумағында күтіп-ұстау жұмыстарының ауқымы кең. Жарықшамдар мен кіші сәулет ескерткіштерін күту, жөндеу және жинап-тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Жалпы қалада 13 110 дана жарықшам мен 3 551 орындық бар, бұл жұмыс көлемінің ұлғаюын білдіреді.
Көрмеде ұсынылған жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар - қала аумағын көгалдандыру, көгалдарды күтіп-ұстау және қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттырмақ.
Related

News
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

News
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанның болашағы әрбір отбасыдан басталады - Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады
Жаннұр Еділбаева·