Әлеуметтік желіде Жузефина есімімен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында өнер саласындағы бірнеше белгілі тұлғаға қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. 

Блогердің айтуынша, ол әнші әрі «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевпен бірнеше рет бірге уақыт өткізген. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен Таиландта бірге болғанын да жеткізді.

Эфир кезінде Жауынбаева өзінде түрлі бейнежазбалар сақталғанын айтып, қажет болған жағдайда оларды көпшілікке жариялай алатынын мәлімдеді.

«Барып сұраңдар. Менде бәрінің видеолары бар. Заңғар да, Мейрамбек Беспаев та өздері айтып берсін. Бұдан басқа да жайттарды жариялаймын. Маған қарсы адам жалдап жатыр деген ақпарат жетті. Егер маған бірдеңе болса, кімнен көру керегін білесіңдер», – деді блогер.

Блогер Қайрат Нұртастың туған інісімен теңізде бір апта демалғанын, әнші Мейрамбекпен бірге ішіп, көңіл көтергенін ашық жазды.

Желі қолданушыларының ерекше назарын аударған жайттардың бірі – эфир барысында блогердің шар үрлеп, белгісіз бір затты пайдаланғаны кадрға түскен.