Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

«Басқаның бақытын құшағына басқан»: екінші күйеуімен жүрген Баян Алагөзова Франциядағы отбасылық видеосын жариялады

Танымал продюсер әлеуметтік желіде отбасымен өткізген әсерлі сәттерін бөлісті.

By Айдар Керім··1 min read
«Басқаның бақытын құшағына басқан»: екінші күйеуімен жүрген Баян Алагөзова Франциядағы отбасылық видеосын жариялады
📷 видеодан скриншот

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында Франциядағы отбасылық серуеннен видео жариялады. Кадрларда ол жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов және кенже қызы Алисамен бірге бейнеленген, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Жарияланған видео оқырмандардың жылы ықыласына бөленді. Желі қолданушылары Алагөзовтер отбасына қатысты көптеген жағымды пікір қалдырған.

«Мінсіз», «Күшті әрі сұлу әйел», «Бұрын қол ұстасып жүрсе, енді бақыттарын құшағына басып жүр», «Бақыттарыңыз баянды болсын», – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Алайда оқырман арасында Баянның бұрынғы әрекететін еске салып, өзгенің күйеуін тартып алды деген пікірлер әлі тоқтаған емес.


Related

«Басқаның бақытын құшағына басқан»: екінші күйеуімен жүрген Баян Алагөзова Франциядағы отбасылық видеосын жариялады · Todayinfo