Нұрсұлтан Назарбаев танкері АҚШ санкциясына ілінді
Фото: qaz.ulysmedia.kz Қазақстанның бұрынғы президентінің атымен аталған «Нұрсұлтан Назарбаев» мұнай танкері АҚШ Қаржы министрлігі салған санкцияға ұшырады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Интерфакстың хабарлауынша, шектеулер 180-нен астам кемеге, соның ішінде

Фото: qaz.ulysmedia.kz
Қазақстанның бұрынғы президентінің атымен аталған «Нұрсұлтан Назарбаев» мұнай танкері АҚШ Қаржы министрлігі салған санкцияға ұшырады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Интерфакстың хабарлауынша, шектеулер 180-нен астам кемеге, соның ішінде ресейлік мұнайды тасымалдаумен айналысатын танкерлерге қатысты.
Санкцияға ұшыраған кемелер тізіміне «Роснефтьфлот» компаниясының Академик Губкин, Добрынья, Владимир Виноградов, Р.Н. Уссури, Р.Н.Амур және т.б. мұнай танкерлері кіреді.
«Нұрсұлтан Назарбаев» Aframax танкері “Звезда” кеме жасау кешенінің зауытында құрастырылды. Оның жүк көтергіштігі 114 мың тонна, ұзындығы 250 метр, ені 44 метр.
Санкцияларға сонымен қатар мұнайды белгіленген барреліне 60 доллардан жоғары бағамен тасымалдауға қатысы бар флот операторлары мен кеме иелері де болды. Тізімге Вьетнам, Гонконг, БАӘ және басқа елдердің компаниялары кірді.
Related

News
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

News
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

News
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанның болашағы әрбір отбасыдан басталады - Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады
Жаннұр Еділбаева·